00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жер сілкінісінен кейін 377 алматылық жедел желіге қоңырау шалған

23 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жер сілкінісінен кейін 377 алматылық жедел желіге қоңырау шалған
Фото: дереккөзден

Жедел штабтарда ұйымдастырылған жедел желі телефондарына азаматтардан 377 қоңырау келіп түсті, - делінген министрліктің хабарламасында. 

«Қазселденқорғау» ММ ақпаратына сәйкес Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстары бойынша барлық бекеттер бақылау мен деректерді берудің жеделдетілген режиміне ауыстырылды. 

Бекеттердің жалпы саны - 76. Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша жер сілкінісі селден қорғау құрылыстарына теріс әсер еткен жоқ. Су режимінде ешқандай өзгеріс жоқ. Сырғымалар мен көшкіндердің жүруі туралы ақпарат түскен жоқ. Тексерулер жалғасуда.

Естеріңізге саламыз, бұған дейін «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС Алматыда 7 баллдан асатын жер сілкінісі күтілмейтінін болжаған болатын.