00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алматыда жеке тұлғаларға заңсыз сатылған жер мемлекетке қайтарылды

12 ақпан, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алматыда жеке тұлғаларға заңсыз сатылған жер мемлекетке қайтарылды
коллаж Elorda.info

Алматыда жеке тұлғаларға заңсыз сатылған жер мемлекетке қайтарылды

Алматы қаласы прокуратурасының мәліметінше, 2009 жылы мемлекет мұқтажы үшін Шығыс айналма автожолының құрылысына байланысты нарықтық құны бойынша 1,2 млрд теңгеге Радлов көшесі бойындағы 13 жер учаскесі сатып алынған.

«Алматы ӘКК» АҚ 2021 жылы алынған учаскелердің бірі (35 акр) қоғамдық іс-шаралар кешенін салу үшін ЖШС-ге берілген. Ауданы 3500 шаршы метр ғимараттың орнына заңды тұлға 22 шаршы метр техникалық үй-жай тұрғызып, 32 млн теңгеге жерді жеке меншікке заңсыз сатып алған», - деді қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.  

​Медеу ауданы прокуратурасының талап арызы бойынша сот мәмілелерді жарамсыз деп таныды.

​Сонымен қатар осы ауданда 2020 жылы міндетті аукцион өткізбестен, ең жақсы ұсынысты таңдамай, жергілікті атқарушы орган коммерциялық мақсаттар үшін тағы бір ЖШС-ге учаске (37 акр) берген.  Жер осы уақытқа дейін игерілмеген. Прокуратураның қадағалау актісі бойынша жылжымайтын мүлік мемлекетке қайтарылды. Жоғарыда аталған мүліктердің нарықтық құны 700 млн теңгеден асады.