Алматыда троллейбус жол апатына ұшырады
19 тамыз, 2024
Фото-коллаж: Elordainfo.kz
Алматыда троллейбус жүргізушісі рульді басқара алмай, аялдама мен жаяу жүргіншіге соқтығысқан. Бір адам зардап шекті, деп хабарлады Elorda.info.
Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімінде хабарлағандай, бұл жол-көлік оқиғасы Алмалы ауданында болған. Троллейбус жүргізушісі Сейфуллин даңғылымен оңтүстік бағытта жүріп келе жатып, Мақатаев көшесіне жетпей аялдама кешеніне соғылды. Апат салдарынан бір жаяу жүргінші дене жарақатын алды. Оқиғаның басқа мән-жайларын Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтайды, - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
27 наурыз, 2026
Көктемгі әскерге шақыру: SARBAZ+ жобасы өтінімді онлайн қабылдайды
27 наурыз, 2026
Әуе компаниясы Ташкент – Астана – Ташкент бағыты бойынша жолаушылар рейстерін іске қосады
27 наурыз, 2026
Енді ұландық сарбаздар асхана тағамын электронды жүйе арқылы бағалай алады
26 наурыз, 2026
Қазақтың ұлттық тағамдарына шетелде сұраныс артып келеді