Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Жыл басынан бері Алматы облысында интернет-алаяқтық фактілері жиі тіркелуде. Қалыптасқан жағдайға байланысты құқық қорғау органдары осындай қылмыстардың алдын алу және ашу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Биыл өңірде интернет және телефон алаяқтықтарының алдын алу және ашу мақсатында жеті жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді. Халықты алаяқтардан қорғау әдістері туралы ақпараттандыру мақсатында 73 акция ұйымдастырылып, 46 мыңға жуық буклет таратылды. Сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарда 19 билборд, стенд және LED экран орнатылды. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында алаяқтықтың алдын алу бойынша 38 мақала жарияланды», – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Сонымен қатар 2023-2025 жылдарға арналған киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бағдарламасы аясында «Кибербақылау» платформасында алаяқтар пайдаланған 226 сайт бұғатталды.