00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алдағы аптада елімізде бір күнге телевизия мен радио уақытша жұмыс істемейді

11 мамыр, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алдағы аптада елімізде бір күнге телевизия мен радио уақытша жұмыс істемейді
Коллаж: Elordainfo.kz

15 мамырда жоспарлы-профилактикалық жұмыстарға байланысты елімізде телевизия мен радио уақытша жұмыс істемейді. Бұл туралы Elorda.info «Қазтелерадио» АҚ ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді, - делінген хабарламада.

Осыған байланысты осы жылдың 15 мамырында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана қ. уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізілетіні хабарланды.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз, - деді компания өкілдері.