00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алдағы күндері қар жауып, көктайғақ болады

26 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алдағы күндері қар жауып, көктайғақ болады
фото: egemen.kz

Қазгидромет синоптиктері 26-28 желтоқсан аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Циклон әсері Қазақстанның бүкіл аумағында сақталады.

Осыған байланысты жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауып, көктайғақ болады, тұман түседі.

Бұрқасын көтеріліп, желдің жылдамдығы 15-28 м/с дейін күшейеді.

26 желтоқсанда солтүстік облыстарда жел екпіні 30 м/с асады.

Ауа температурасы кенеттен өзгермейді.