00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алдағы күндері 20 градусқа дейін аяз болады

11 наурыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алдағы күндері 20 градусқа дейін аяз болады
Фото: Оңалхан Өнерхан

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 12-13 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан аумағында атмосфералық фронталды бөлімдердің өтуіне байланысты алдағы екі тәулікте тұрақсыз ауа райы сақталады. 

12 наурыз күні Павлодар және Қарағанды облыстарында қар аралас жаңбыр жауады. 12-13 наурыз күндері Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл сондай-ақ Алматы облыстарында да қар аралас жаңбыр жауады деп болжанып отыр.   

Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады. 

Еліміздің кейбір өңірлерінде түнде ауа температурасы -10-20 градус аяз көрсетсе, күндіз -2-10 аяз болуы мүмкін. Қазақстанның оңтүстік аймағында түнде термометр бағаны -2-12 градусқа төмендесе, күндіз 6 градус аяз болады деп болжанған.