Алдағы күндерде күн суытып, бұршақ жаууы мүмкін
22 тамыз, 2023
Елорда ақпарат
фото: Оңалхан Өнерхан
Елімізде 22-24 тамыз аралығында күн суытып, қатты жауын-шашын түсуі мүмкін, деп хабарлады Elorda.info "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі. Республика бойынша қатты жауын-шашын болуы ықтимал. Қазақстанның батысы, солтүстік-батысы мен солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы күндіз +18...+24 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Ал Қазақстанның қалған бөлігінде температура фонында айтарлықтай өзгеріс болмайды. Айта кетейік, синоптиктер Астанада апта бойы жаңбыр жауып, ал Шымкентте аптап ыстық сақталады деп болжады.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 17:53
Запасқа шығарылған ұландықтарға құрмет көрсетілді
Бүгін, 17:23
Қазақстан туризм саласындағы жетістіктері мен жоспарларын таныстырды
Бүгін, 15:32
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Бүгін, 13:58
Республикалық маңызы бар жолдарда жаңа индекстер бекітілді