Ақтөбелік өзгенің телефонынан заңсыз несие рәсімдеген
13 қыркүйек, 2024


Бактыгуль Бурбаева
Ақтөбе облысында ауыл тұрғыны «бөтелкелесінің» телефонынан заңсыз несие рәсімдеген, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияға Темір ауданының тұрғыны арызданды. Оның айтуынша, телефонынан белгісіз адамдар несие рәсімдеп алған. Полиция қызметкерлері тексеру барысында автокөліктің салонында спирттік ішімдіктерді бірлесіп ішу кезінде жәбірленушінің ұйықтап қалғанын пайдаланып, оның бөтелкелесі телефонда орнатылған қосымша арқылы 400 мың теңгеге несие рәсімдеп, өз шотына аударғанын анықтады. ҚР ҚК-нің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті кінәсін мойындады.
Ұқсас жаңалықтар

12 шілде, 2025
Ұлттық ұланның 450 сарбазы салтанатты түрде әскери ант қабылдады

11 шілде, 2025
Елде халықаралық жүргізуші куәліктері берілмейді

11 шілде, 2025
Биыл 30 жас қазақстандыққа «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты табысталады

11 шілде, 2025
Ұлттық ұлан қызметшілері жарты жылда 10 мыңға жуық құқық бұзушыны ұстады