00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ақтөбеде қазақы тазылардың көрмесі өтті

11 наурыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ақтөбеде қазақы тазылардың көрмесі өтті
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Былтыр Мемлекет басшысы Президент іс басқармасына тазы мен төбетті қорғау мәселесін қолға алуды тапсырған болатын. Президент тапсырмасын орындау аясында Ақтөбедегі ипподромда қазақы тазылардың көрмесі өтті, деп хабарлайды Elorda.info Ақтөбе облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облыстық «Құмай тазы» федерациясының вице-президенті Жасұлан Жақсылықовтың айтуынша, қазақы тазыларды сақтап қалу үшін бірқатар іс-шара өткізіліп келеді.

Былтыр күзде аңшылармен бірігіп, «Салбурын» ұйымдастырдық. Жалпы, республика бойынша Ақтөбе өңірі тазы баптау жағынан алдыңғы қатарда. Тазы ұстаушылар мен тазылардың саны көбейіп келеді, – дейді Ж.Жақсылықов.

Көрмеге Астана, Алматы қалаларынан арнайы кинология саласынан сарапшылар шақырылған. Мамандар тазылардың дене бітімін, аяқ сүйектерін, тісін, тырнағын байқап, қандарының тазалығына назар аударды. Барлық талапқа сай келгендері арнайы құжатқа ие болды. Құжат тазылардың FCI Халықаралық кинология федерациясының тіркеу кітабына енуінен бөлек, халықаралық иттер көрмесіне қатысуына мүмкіндік береді. Көрмеге қатысқан 80 иттің 50-і «жақсы» деген баға алды.

Көрмеге қатысқан тазылардың бәрін сарапшылар жоғары бағалады. Біздің клуб қазақы тазы тұқымын халықаралық деңгейде танытуды көздейді, - дейді кинологиялық клуб жетекшісі Роза Доленко.