Ақпан айында ауа райы қандай болады?
Синоптиктер ақпан айына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.
Ақпан айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде климаттық норма шамасында болады. Атап айтқанда, Атырау облысында, Қостанай облысының солтүстік жартысында, еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінің тау және тау бөктеріндегі аудандарында нормадан көп болады деп болжануда.
Республиканың солтүстік жартысында жауын-шашын көбінесе қар түрінде болады деп күтілуде. Тұман, көктайғақ, желдің күшеюі болжануда. Ақпанның бірінші онкүндігінің басында елдің басым бөлігінде қар, бұрқасын, кезеңнің ортасында және соңында жауын - шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Айдың басында оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында кейде қалың қар жауады.
Тұрақсыз ауа-райы тұман, көктайғақ және жылдамдығы 15-28 м/с дейін жел соғады. Республиканың батысының басым бөлігінде ақпан айының басы мен бірінші онкүндіктің ортасына қарай ауа температурасы жоғарылайды. Температуралық фонның кезекті төмендеуі ақпанның бірінші онкүндігінің соңында елдің солтүстік-батыс жартысында, содан кейін ҚР қалған аумағында болжанады.