00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ақмола облысында жоғалған полицей іздестірілуде

24 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ақмола облысында жоғалған полицей іздестірілуде
коллаж Elorda.info

Акмола облысы полиция департаментінің  жеке құрамы із-түзсіз жоғалған Зеренді ауданының полиция бөлімі басшысының орынбасары Тұрар Дүйсенбинді іздестіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлады sinegor.kz-ке сілтеме жасап.  

Көкшетау полиция басқармасына Т.Дүйсенбин туралы арыз 23 маусымда келіп түсті. Оның жұбайының айтуынша, Т.Дүйсенбин 20 маусымда үйден шыққанған оралған жоқ. Сондай-ақ Т.Дүйсенбин бұл уақытта бұйрыққа сәйкес кезекті еңбек демалысында екенін хабарлаймыз.  
Арыз түскен бойда полиция басқармасы көлемді іздеу іс-шараларын бастады. Аталған іс-шараға Зеренді ауданы полиция бөлімінің жеке құрамы, Көкшетау қаласының полиция басқармасы, басқарма аппараты, әскерилер және волонтерлер жұмылдырылды.  
Полиция азаматтардан Т.Дүйсенбин туралы қандай да бір ақпарат білген болса, бұл туралы  құқық қорғау органдарына хабарлауды сұрайды.