00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ақмола облысында заңсыз аң аулаған астаналық азамат ұсталды

17 қыркүйек, 2024
Салтанат Мұратқызы Салтанат Мұратқызы
Ақмола облысында заңсыз аң аулаған астаналық азамат ұсталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Ақмола облысында заңсыз аң аулаған астаналық азамат ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Осы жылдың 14 қыркүйегінде Бұланды ауданының полиция бөліміне «Бұланды – Мекен» ЖШС қорықшысының заңсыз аң аулау фактісі туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Хабарламада орман алқабындағы 26 разъезде Астана қаласының 42 жастағы тұрғынының басқаруындағы Toyota Prado автокөлігі табылғаны көрсетілген.

Оқиға орнына дереу барған жедел тергеу тобы бұлан ұшасын, 4 мылтық пен 70-тен астам патрон тәркіледі. Бұл жағдайда жүргізушіде табылған қаруға рұқсат құжаттары болған, бірақ оның бұлан аулауға лицензиясы болмаған.

Полиция бөлімі заңсыз аң аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сараптама тағайындалды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қамалды.