00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астана – Бурабай бағытында ұлттық нақышта безендірілген электр пойызы іске қосылды

Астана – Бурабай бағытында ұлттық нақышта безендірілген электр пойызы іске қосылды
ашық дереккөз

Наурыз мейрамы қарсаңында "Жолаушылар тасымалы" АҚ Астана – Бурабай курорты бағыты бойынша ұлттық нақышта безендірілген электр пойызын іске қосты, деп хабарлады Elorda.info

Мерекелік құрам күн сайын бір ай бойы жүреді. Пойыз Астанадан таңертең жөнелтіледі. Жолаушыларды отырғызу Нұрлы жол (сағат 06:03 мин жөнелту) және Астана-1 (сағат 06:57 мин жөнелту) вокзалдарында ұйымдастырылған. Жол бойында құрам үш станцияда: Ақкөл, Елтай және Макинкада тоқтайды. Мерекелік электр пойызы терминалға сағат 9:51 мин келеді.

Жайлы сапарлау үшін вагондар ауа баптайтын қондырғылармен, биодәретханалармен жабдықталған. Пойыз жолаушылары сапарлау барысында ойын-сауық контент пен пайдалы ақпаратпен жабдықталған vputi.kz мультимедиялық порталды пайдалана алады. 

"Наурыз" электр пойызы – бұл "Жолаушылар тасымалы" АҚ, ҚР ПІБ "Бурабай Даму" ЖШС, Мәдениет және спорт министрлігі мен "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясының бірлескен жобасы. Ол ішкі туризмді насихаттау мақсатында жүзеге асырылуда.