00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда екі кәсіби мереке күнтізбеге қосылды

Қазақстанда екі кәсіби мереке күнтізбеге қосылды
ашық дереккөз

Қазақстанда мерекелік күндердің қатарына тағы екі мейрам қосылды. Бұл туралы Премьер-министрдің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 9 наурыздағы қаулысы бойынша "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына өзгерістер енгізілді.

Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде 35 және 36-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: Мұғалім күні – 5 қазан, Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні – 6 қазан. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі, - делінген хабарламада.