00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Египеттің «Air Cairo» әуе компаниясы Қазақстанға рейстерді іске қосады

Египеттің «Air Cairo» әуе компаниясы Қазақстанға рейстерді іске қосады
ашық дереккөз

Египеттің «Air Cairo» әуе компаниясы Қазақстанға рейстерді іске қосады, деп хабарлады Elorda.info ИИДМ-ге сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының халықаралық рейстер санын ұлғайту, сондай-ақ «ашық аспан» режимін іске асыру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Египеттің авиациялық билік орындарымен бірлесіп «Air Cairo» египеттік әуе компаниясының Қазақстанға тұрақты жолаушылар рейстерін ашу мәселесін пысықтады, - деп жазылған хабарламада.

Осылайша, «Air Cairo» әуекомпаниясы Астана – Шарм-эль-Шейх бағыттары бойынша 2023 жылғы 13 наурыздан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен (дүйсенбі және жұма) және Алматы – Шарм-эль-Шейх бағыттары бойынша 2023 жылғы 14 наурыздан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен (сейсенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін ашуды жоспарлап отыр.

Қазақстан мен Египет арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда - экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.