00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Республикалық маңызы бар жолдардың 2 учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Республикалық маңызы бар жолдардың 2 учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді
ашық дереккөз

6 наурыз сағат 07:10 ақпаратқа сәйкес 2 облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлады Elorda.info.

Қазавтожолдың мәліметінше, Ақтөбе облысында «Самара-Шымкент» тасжолының Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ ауылына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.

Қарағанды облысында «Алматы-Екатеринбург» тасжолының Жұмабек ауылынан Балқаш қаласына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.