00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстан мұнайын кімдер өндіреді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстан мұнайын кімдер өндіреді
ашық дереккөз

2022 жылы Қазақстанда 84,2 млн тонна мұнай шығарылды, деп хабарлады Elorda.info.

LS жазуынша, өткен жылы өндірістің ең көп үлесі АҚШ-қа тиесілі – 30,9%. Екінші орында Еуропа елдері тұр – 17,2%.

Одан кейін Қытай – 15,6% және Ресей – 3,5%.

Energy Monitor-да Қазақстанның жалпы өндірістегі үлесі 30,6% құрағанын атап өтті. Ұйым компаниялар бөлінісінде ең көп мұнай өндіретін «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы – 22,5 млн тонна (барлық өндірістің 26,7%-зы). Екінші орында Chevron – 16,6 млн тонна (19,7%), үшінші орында – ExxonMobil, көлемі 9,4 млн тонна (11,2%).

Аналитикалық компания Қазақстанның мұнай өндірісіне 14 елден инвестиция салынатынын атап өтті. Өндірумен 90-нан астам компания айналысады.

«Теңіз», «Қашаған» және «Қарашығанақ» кен орындарының үлесіне Қазақстанның барлық мұнай өндірісінің 63%-ы тиесілі.

Ең көп мұнай Италияға $13,3 млрд (+1,5 есе) 18,2 млн тонна (+1,7%), Нидерландыға – $4,2 млрд (+15,2%) 6,1 млн тонна (-25,4%) жөнелтілді.

Жаңартылған Конституцияға сәйкес, елдің жер қойнауы халыққа тиесілі. Осыған байланысты 2024 жылдан бастап 18 жасқа дейінгі азаматтарға «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша қаражат есептелетін болады.