00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
ашық дереккөз

Синоптиктер еліміздің 4 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлады Elorda.info Қазгидромет РМҚ-ға сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман болады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болып, облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.