Полиция қызметкерлері наразылық акциясына шықты
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Пәкістанда полиция қызметкерлері наразылық акциясына шықты, деп хабарлады Elorda.info.
Qazaqstan.tv жазуынша, шеру Пешавар провинциясының бірнеше қаласында өткен. Қауіпсіздік күштері демонстрацияға қаңтардың 30-да мешітте болған жарылыстан кейін шығып отыр. Сол шабуылдан қаза тапқан 100 адамның 97-сі - полиция қызметкері. Шеруге шыққан офицерлерді қауіпсіздік күштерінің жазықсыздан-жазықсыз қаза тапқаны күйіндіреді. Соңғы кездері «Техирк-е Талибан» тобы Пәкістан үкіметіне қарсылық ретінде полиция күштеріне қарсы шабуылды күшейте түскен. Бастапқыда аталған қарулы топ мешіттегі жарылысты ұйымдастырды деп айыпталған еді. Кейін олар өздерінің сол шабуылға қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 15:32
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Бүгін, 13:58
Республикалық маңызы бар жолдарда жаңа индекстер бекітілді
Бүгін, 13:12
Астанада XVII «Жан шуақ» қоғамдық сыйлығы табысталды
Бүгін, 12:31
«ҚТЖ»-ға жұмысқа орналастыру үшін 1,5 млн теңге пара алған