00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Он мыңыншы қазақстандық шетелдік көлігін заңдастырды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Он мыңыншы қазақстандық шетелдік көлігін заңдастырды
ашық дереккөз

Көкшетау тұрғыны көлігін заңдастырған он мыңыншы адам болды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

31 жастағы Азамат Еслямбеков Honda Odyssey маркалы автокөлікті Армениядан алып келген.

Бүгін ер адам өзінің көлік құралын заңдастырып, қазақстандық техпаспортты, сондай-ақ мемлекеттік нөмірлік белгіні алды.

Айта кету керек, заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Өтінім беру тәсілдері: eGov.kz үкімет порталы арқылы; екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы; ХҚО арқылы.

Ереже бойынша автокөлік Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінуі тиіс, қылмыстық есепте болмауы керек, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы қажет.

Сондай-ақ Еуразия экономикалық одағына кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі тиіс.