00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде жүк тасымалдау көлемі қысқарды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде жүк тасымалдау көлемі қысқарды
ашық дереккөз

Бір жылда жүк тасымалдау, көлік түріне қарамастан 2,8%-ға төмендеді. Осы кезеңде барлығы 3,8 млрд тонна жүк тасымалданды, деп хабарлады Elorda.info.

Zakon.kz жазуынша, жүк тасымалының негізгі үлесі автомобиль жүк көлігіне тиесілі – 82,5%, мұнда 3,2 млрд тонна жүк тасымалданған.

Өткен жылы жүк айналымы 603 млрд т-км құрады. Оның ішінде темір жол жүк айналымы 311 926 млн т-км (2021 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 4,3%-ға өсті), автомобиль көлігі – 146 227 млн ​​т-км (7,6%-ға азайды).

Елімізде жүк тасымалдау көлемі қысқарды. Сонымен қатар, кәсіпорындардың жүк және багажды тасымалдаудан түскен кірісі бір жылда 12,5%-ға өсіп, 3 264 млрд теңгені құрады.

2022 жылдың 20 қыркүйегінде Қазақстанда халықаралық тасымал жүргізушілерінің еңбек және демалыс нормалары өзгеретіні белгілі болды.