00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында рейстер саны артты

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында рейстер саны артты
ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 15-17 қаңтарда БАӘ-ге жасаған сапарының қорытындысы бойынша авиация билігі екі ел арасындағы рейстер санын арттыруға келісті, деп хабарлады Elorda.info Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. 

Әуе тасымалының қолжетімділігін қамтамасыз ету және әуе билеттерінің құнын төмендету мақсатында 22 қаңтардан бастап Wizz Air Abu Dhabi лоукостер әуекомпаниясы Абу-Даби мен Алматы қалалары арасындағы рейстердің санын 3-тен 4 рейске дейін арттырды. Рейстер «Airbus A320/A321» сияқты әуе кемелерімен орындалады, деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ Fly Dubai компаниясының хабарлауынша;

26 қаңтардан бастап Дубай – Астана бағыты бойынша рейстер санын аптасына 10-нан 14 рейске дейін ұлғайту жоспарда бар.

28 қаңтардан бастап  Дубай – Алматы бағыты бойынша аптасына 10-нан 14 рейске дейін;

28 ақпаннан бастап Fly Dubai Шымкент-Дубай бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі, сенбі) рейстерді қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Ұшулар B-737 ұшақтарымен орындалады.