00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ауа райына байланысты 2 өңірде тасжол жабылды

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Ауа райына байланысты 2 өңірде тасжол жабылды
ашық дереккөз

Елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде тасжолдар жабылды, деп хабарлады Elorda.info ҚазАвтоЖол қызметіне сілтеме жасап.

12 қаңтар күнгі сағат 13:30-дан бастап Қарағанды облысында қарлы бұрқасын салдарынан жолда көру мүмкіндігінің төмендеуіне байланысты «Қызылорда-Павлодар» тас жолының 967-1135 шақырымдары (Молодежный кентінен Павлодар облысы шекарасына дейін), «Екатеринбург-Алматы» тас жолының 1446-1457 шақырымдарында (Теміртау қ. – Қарағанды қ.) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды.

Сонымен қатар бүгін сағат 13:30-да Павлодар облысында бұрқасын, жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты «Қызылорда-Павлодар» күре жолының 1135-1206 шақырымдарында (Қарағанды облысының шекарасы – Шідерті кенті) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды.