Каспий теңізінде итбалықтар қырылып жатыр
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Каспий теңізінің Дағыстан жағалауында итбалықтардың жаппай қырылуына байланысты Әзербайжан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлері теңізде мониторинг жүргізді, деп хабарлады Elorda.info inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Биоәртүрлілікті қорғау қызметінің басшысы Фируддин Әлиевтің айтуынша, іс-шаралар барысында Хачмаз ауданында, Истису ауылы маңында, Тиканлыоба, Сейдли және Набран ауылдарында барлығы 17 итбалық өлексесі табылған.
Әзербайжанның азық-түлік қауіпсіздігі агенттігінің мамандарымен бірлесіп итбалықтардың қырылу себептерін анықтау үшін өлекселерден сынамалар алынады. Қосымша ақпарат халыққа жеткізіледі, - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар