00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Ұлттық жоба аясында дәрігерлік амбулатория ашылды

18 қаңтар, 2025
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Ұлттық жоба аясында дәрігерлік амбулатория ашылды
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Бүгін Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Р.Сабденов ауылында Ақбұлақ дәрігерлік-амбулаториясы  ашылып, ауыл тұрғындарының қолданысына  берілді, деп хабарлады Elordainfo.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

Ауылдықтарға медициналық қызмет көрсететін нысанда халыққа дәрігердің қабылдауы, ем-шара қабылдау, акушердің тарапынан пациент қабылдау, массаж, түрлі медициналық талдамалар жасау сынды көмек түрлері көрсетіледі. 

Мұнда тіркелген тұрғындардың жалпы саны - 2237 адам.  14 қызметкер жұмыс істейтін  емдеу мекемесі алғашқы және амбулаторлы ем көрсету үшін тиісті құрал-жабдықтармен қажетінше жабдықталған. 

Атап айтқанда,  жүрек соғысын тексеру құрылғысы, электрондық аквадистиллятор, волюметриялық инфузиялық сорғы, хирургиялық электрлік сорғы, ультрадыбыстық терапияға арналған бір арналы құрылғы, сенсорлық экраны бар қос арналы магнитотерапия аппараты, ингалятор, мультифункционалды физиотерапиялық аппарат, оптикалық кольпоскоп және т.б. бар.