Ұлыбританияда көне заманғы зергерлік бұйым табылды
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Ұлыбританияда көне замандағы алтын әшекей бұйым табылды, деп хабарлады Elorda.info Хабар24-ке сілтеме жасап.
Мамандардың айтуынша, асыл тастармен безендірілген алқа сонау жетінші ғасырда жасалынған екен. Баға жетпес олжа Харпола қаласының маңындағы молада жүргізілген қазба жұмыстары кезінде анықталды. Болжам бойынша онда лауазымы жоғары болған әйел жерленген. Алқа салпыншақтары мен моншақтары бар 30 элементтен құралған. Ал ортасында төртбұрышты тұмары бар. Енді асыл бұйым жөндеу жұмыстарынан өтіп, кейін жергілікті археологиялық орталыққа беріледі.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Запасқа шығарылған ұландықтарға құрмет көрсетілді
22 қараша, 2024
Қазақстан туризм саласындағы жетістіктері мен жоспарларын таныстырды
22 қараша, 2024
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
22 қараша, 2024
Республикалық маңызы бар жолдарда жаңа индекстер бекітілді