Алматы облысында қару-жарақ сақталған орын табылды
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Алматы облысында қару-жарақ сақталған орын табылды, деп хабарлады Elorda.info.
Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі 30 қарашада Алматы облыстық ПД КПБ қызметкерлері мен Алматы облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қару-жарақ сақталған орын табылғанын мәлімдеді.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер Калашников автоматының 3 бірлігін, Макаров жауынгерлік тапаншасын, 2 граната мен 100-ден астам түрлі патрондарды тауып, тәркіледі, - делінген хабарламада.
Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша Іле аудандық Полиция басқармасында тіркелді.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 17:53
Запасқа шығарылған ұландықтарға құрмет көрсетілді
Бүгін, 17:23
Қазақстан туризм саласындағы жетістіктері мен жоспарларын таныстырды
Бүгін, 15:32
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Бүгін, 13:58
Республикалық маңызы бар жолдарда жаңа индекстер бекітілді