00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Франциялық компания Қазақстандағы АЭС құрылысына ат салысады

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Франциялық компания Қазақстандағы АЭС құрылысына ат салысады
ашық дереккөз

Атом электр станциясын салу кезінде француз компаниясы Қазақстанмен ынтымақтастық құрмақ, деп хабарлады Elorda.info LS-ке сілтеме жасап.

Француздық Assystem компаниясымен өзара келісім туралы тиісті меморандумға қол қойылды. Бұл құжат елде атом электр станциясын құру кезінде кадрлар даярлау және техникалық кеңес беру мүмкіндігін қарастырады.

Меморандум президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға сапары аясында жасалды.

Бұған дейін мемлекеттік қорда атом электр станциясын Алматы облысының Үлкен кентінде салу жоспарланып отырғанын хабарлаған болатын. Оның қуаты 2,8 мың МВт-қа дейін жетеді.