Бүгін Екібастұздағы барлық көпқабатты үйге жылу беріледі
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Екібастұз қаласының ахуалы жөнінде оқиға орнынан бейнеконференция өткізді, деп хабарлады Elorda.info Хабар24-ке сілтеме жасап.
ЖЭО-ға келетін судың қысымы төмендеп, шығыны көбейіп кетті. Сол себепті, ЖЭО иелері мен әкімшілік шешім қабылдап, 149 көпқабатты үйді, 114 жеке үй мен 15 әлеуметтік ғимаратты жылумен жабдықтаудан уақытша ажыратты. Бұл немен байланысты? Біз екі тәулік бойы су кеткен жерді іздедік. Оның бір ерекшелігі бар, су жердің астынан сыртқа шықпайды. Кеше ғана су кетіп жатқан ең үлкен жер табылды. Қазіргі уақытта барлық жұмыс сол жерде жүріп жатыр, ол үшін 39 бригада, оның ішінде 214 адам басқа қалалардан да жиналды. Бүгін түскі уақытта Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі 17 көпқабатты тұрғын үй мен Amanat партиясының ғимаратына жылу қосылады. Кешке дейін барлық көпқабатты үйлерге жылу беріледі, - деді Серік Жұманғарин.