00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қысқы дөңгелегі ауыстырылмаған көлікпен жүруге тыйым салынады

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Қысқы дөңгелегі ауыстырылмаған көлікпен жүруге тыйым салынады
ашық дереккөз

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Жаяу жүргіншілер қоршаған ортаға ерекше назар аударуы керек. Өйткені көлік кенеттен тоқтай алмайды. Сондықтан жолдан өту кезінде жүргізушінің жол беретініне көз жеткізіп барып, қана жүрісті жалғастырыңыз. Құлаққаптар, телефон және капюшондар адамның назарына кедергі келтіретінін ескеріңіз, - деп атап өтті ведомство өкілі. 

Сонымен қатар ол жеке құрам қиындыққа тап болғандардың барлығына көмек қолын ұсынатынын айтты. 

ІІМ қызмет өткеру кезінде жеке құрамға қиын жағдайда қалған барлық адамдарға көмек көрсету тапсырылды. Сондай-ақ заңнамаға сәйкес қысқы кезеңде қысқы шиналармен жабдықталмаған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатынын еске салу қажет. Автокөлік иелері ауа-райының өзгеруін мұқият қадағалап отыруы керек, егер климат нашарласа, елді мекендерден тыс жерлерге шығуды шектеуі керек, - деді Шұғыла Тұрлыбек.