00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы
ашық дереккөз

 «Қазгидромет» мамандары Қазақстан бойынша 2022 жылғы 15-17 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Елдегі ауа-райына Атлантикалық циклон өз әсерін тигізеді. Нәтижесінде елдің солтүстігінде, орталығында және оңтүстігінде жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын болжанады. Республика бойынша бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі, сонымен қатар жылдамдығы 15-28 м/с жететін жел соғады.

15 қарашада Қарағанды және Жамбыл облыстарында жылдамдығы 30 м/с асатын жел күтіледі. Аптаның соңында солтүстік-батыс антициклонының еніп, жауын-шашынның тоқтайды және температура төмендейді деп күтіледі. Ауа температурасы түнде солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталықта 10-20 градус аязға дейін, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 2-10 градус аяз, таулы аймақтарда 10-15 градусқа дейін аяз болжанады.