00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Браконьерлікпен екінші рет ұсталғандар 15 тәулікке қамалады

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Браконьерлікпен екінші рет ұсталғандар 15 тәулікке қамалады
ашық дереккөз

Браконьерлікпен екінші рет ұсталғандар 15 тәулікке қамалады, деп хабарлады Elorda.info.

Хабар24 жазуынша, заңсыз балық аулағандардың жазасы күшейтіледі. Бүгін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Мәжілісте жаңа заңның жобасын таныстырды.

Бұған дейін браконьерлер 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейтін. Енді бұл сома 2 жарым есеге ұлғаяды. Ал тәртіпті 2-рет бұзғандар 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады.

Биылдың өзінде салада құны 61 миллион теңгеден асатын 4,5 мың құқық бұзушылық анықталған. Браконьерлермен күрес жүргізіп жүрген инспекторларға да жағдай жасау керек, деді ведомство басшысы.

Министрдің айтуынша, жаңа заң жобасының арқасында шамамен 7 жылда отандық балық өндірісін 270 мың тоннаға дейін жеткізу көзделіп отыр.