00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

«Қарасора-2022» операциясы кезінде 9,7 тонна есірткі тәркіленді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Қарасора-2022» операциясы кезінде 9,7 тонна есірткі тәркіленді
ашық дереккөз

«Қарасора-2022» операциясы кезінде 9,7 тонна есірткі тәркіленді, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.

Биылғы 1 маусым мен 30 қазан аралағында «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Операция кезеңінде республика бойынша 1275 қылмыс тіркелді. Оның ішінде есірткі сатудың 667 (454) қылмысы, 178 заңсыз сақтау және есірткі өсірудің 245 дерегі анықталды, - деді Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Бақытжан Әмірханов.

Осы орайда ол полиция қызметкерлері 9,7 тонна есірткіні, оның ішінде 2,3 тонна марихуана, 200 келіге жуық гашиш, 113 келі синтетикалық есірткі, 7 тоннаға жуық қарасора тәркілегенін айтты.

Басқарма басшысының айтуынша, биыл тамыз және қыркүйек айларында Ішкі естер министрлігі және Ұлттық қауіпсіздің комитеті қызметкерлері Қызылорда және Түркістан облыстарының аумағында тікұшақтармен әуеден барлау жұмыстарын жүргізді. Осы орайда әуе көлігімен марихуана сақтаудың 2 фактісі, есірткі дақылдарын егудің 19 фактісі (жалпы салмағы 5,5 тонна қарасора жойылды) анықталды.