Ауылда кәсіпкерлікпен айналысып жатқан әйел саны 10 есеге артты
Ауылда кәсіпкерлікпен айналысып жатқан әйел саны 10 есеге артты, деп хабарлады Elorda.info.
Хабар24 мәліметінше, бұл соңғы бір-екі жылдағы көрсеткіш. Тегін онлайн курстардың арқасында 64 мың адам қажетті білім алды. «Белестер» жобасының аясында 100 әйел 4 мың долларға тең грант алып, өзінің жеке ісін бастап кетті. Олардың 70 проценті өндіріспен айналысса, 5 проценті қызмет көрсету саласын таңдаған. Алматы, Ақмола, Қарағанды, Тұркістан мен Ақтөбелік әйелдер бизнесте ерекше белсенділік танытып отыр. Жақын арада олар ауыл әйелдері форумына жиналып, тәжірибесімен бөліседі.
Биылғы форумға 250-ге жуық қатысушы күтіп отырмыз. Форумның аясында әр түрлі мәселе талқыланады. Ол тек қана кәсіпкерлік емес, бүгінгі таңда ауылды қаламен салыстыру қиын. Білім жағынан да, инфрақұрылым жағынан да. Осы мәселелерді форумда айтамыз, - деді «Жасыл экономика» және G-global-ды дамыту коалициясының атқарушы директоры Асхат Сүлейменов.