00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бұрқасын соғып, көктайғақ болады – синоптиктер жұмаға болжам жасады

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бұрқасын соғып, көктайғақ болады – синоптиктер жұмаға болжам жасады
ашық дереккөз

Синоптиктер бүгінге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республиканың басым бөлігінде жаңбыр, қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста жел күшейеді. Тек республиканың батысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Сондай-ақ елімізде тұман түседі.

Астанада күн бұлтты, өткінші жауын-шашын (көбінесе қар) жауады, көктайғақ, борасын болады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -1...-3°С, күндіз 0°С шамасында.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -1...-3°С, күндіз +6...+8°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде кей уақытта тұман. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -2...-4°С, күндіз +8...+10°С.