«Жаңбыр мен қар»: Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ҚР бүкіл аумағында ауа-райы тұрақсыз болады, жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады, ҚР оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі, деп хабарлады Elorda.info «Қазгидромент» РМК-ға сілтеме жасап.
Республика бойынша тұман, жел солтүстігінде жаяу бұрқасынмен күшейеді, солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ күтіледі.
Таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерінде қатты жаңбыр жауады.
Астана қаласында: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде 3-5 аяз, күндіз 0,-2 градус аяз болады.
Алматы қаласында: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел соғады, күші 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде 4-6, күндіз 13-15 градус жылы болады.
Шымкент қаласында: бұлтты, жаңбыр, таңертең және күндіз қатты жаңбыр. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 8-13, таңертең және күндіз 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде және күндіз 8-10 градус жылы болады.