Елордада жас сайлаушылар клубының отырысы өтті
Астана бүгін Нұрлан Әбдіровтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Жас сайлаушылар клубының отырысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Baq.kz мәліметінше, отырыста Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров осыған дейінгі сайлау процестерінің жүргізілу тәртібімен таныстырып, кандидаттар туралы ақпараттарға шолу жасады.
Жастар - еліміздің қозғаушы күші. Сондықтан сіздердің сайлау науқаны барысы туралы әр пікірлеріңіз, ұсыныстарыныз маңызды. Бүгінгі отырыс барысында да жастар арасындағы ауқымды мәселелер қозғалады деп сенемін,-деді Нұрлан Әбдіров.
Сондай-ақ отырыс барысында ТМД елдерінен келетін бақылаушылардың саны, талаптары және сайлау науқанының жүргізілу тәртібі түсіндірілді.
Қазақстан Республикасы президенттігіне үміткер 6 кандидаттың штабтарымен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Оларға түсіндірмелі семинарлар өткізілді. Сондай-ақ бүгін Орталық сайлау комиссиясы ТМД атқару комитетінің өкілдерімен кездесу өткізіп, біршама мәселелерді талқылады, - деді ол.