25 қазан Алаш баласы үшін айтулы күн – Нұртөре Жүсіп
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Республика күні мерекесі сәл ұмытылып барып, Мемлекет басшысының тікелей шешімімен ұлттық мереке болып жарияланды. Бізде мерекелер көп, соның ішінде Республика күні ұлттық сипаты бар ерекше күн. Қазақстан Республикасының арналы жолға түсуіне негіз болған егемендік декларациясы қабылданған күн. Өз басым Парламентте тілші болып жүргенде құжаттың қалай қабылданғанын көрдім, үлкен айтыс, тартыстар болды. Қазақ елінің дамуына қатысты негізгі, іргелі құжат болып қабылданды. 25 қазан Алаш баласы үшін айтулы күн. Бүкіл Қазақстан азаматтарын, Астана тұрғындарын мерекемен құттықтаймын, әр шаңырақта берекелі ғұмыр болсын, өрісіміз кеңейсін, ырысымыз молайсын. Жақсы күндеріміз көп болсын деп тілеймін!», - деді сенатор.