Жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады: жұмаға арналған ауа райы
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Синоптиктер бүгінге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің шығысында жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады. Тек республиканың оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз. Қазақстанда жел күшейеді, республиканың батысында, солтүстік-батысында тұман сақталады.
Астанада көшпелі бұлт болып,түнде аздап жаңбыр жауады.. Оңтүстік-батыстан екпіні 9-14 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 13-15 жылы.
Ал Алматыда көшпелі бұлт болады. Жел екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 17-19 жылы.
Сондай-ақ Шымкентте де көшпелі бұлт болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен екпіні 8-13 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 21-23 жылы.
Ұқсас жаңалықтар