00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Еліміздің қай өңірінде ірі қара саны көп

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Еліміздің қай өңірінде ірі қара саны көп
ашық дереккөз

Ірі қара мен қой саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

1 қазандағы жағдай бойынша елдегі ірі қара мал саны 8 963 856 басты құрады (2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,7% көп). Қой малының бас саны – 20 960 522, жылқы – 3 785 680, құс саны – 50 019 554.

Ірі қара мен қой саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр, сәйкесінше 1 141 809 және 4 764 667 бас. Жылқы саны бойынша да Түркістан облысы бірінші орында – 414 941 бас. Түйе саны бойынша Маңғыстау облысы – 83 350 бас, ал құс саны Алматы облысында ең көп – 9 429 133 бас.

Сондай-ақ мәліметке сәйкес, 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанда 5 087,7 мың тонна сүт өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8% көп. Бұдан бөлек, осы мерзімде 3824,4 млн дана тауық жұмыртқасы өндірілді. 846 959,1 тонна мал мен құс еті сойылып, өткізілді», - делінген статистикалық деректе.