00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Тоқаев: Алматының алмасы ұлттық брендімізге айналуы керек

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Тоқаев: Алматының алмасы ұлттық брендімізге айналуы керек
ашық дереккөз

Бұл туралы Президент Алматы облысына барған жұмыс сапарында айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Алматының алмасы әлемге танымал ұлттық брендімізге айналуы керек. Бұл өңір алмадан басқа да түрлі жеміс-жидек өсіретін бау-бақшасымен танымал. Оны дұрыстап дамытса, облыс елімізді жеміс-жидекпен қамтамасыз етумен қатар, оны экспорттай алатыны сөзсіз. Алматы қаласының іргелес тұруы да – қолайлы фактордың бірі. Қазір менің тапсырмам бойынша шаһардың азық-түлік белдеуін дамыту бағдарламасы әзірленіп жатыр. Бұл бастама жүзеге асса, облыстың ауыл шаруашылығы тың қарқынмен дамиды, – деді Қ.Тоқаев.