00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Тұман, жел, жаңбыр: 17 қазанға арналған ауа райы болжамы

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Тұман, жел, жаңбыр: 17 қазанға арналған ауа райы болжамы
ашық дереккөз

Еліміздің 7 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлады Elorda.info «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Солтүстікте, оңтүстікте және Алматы облысының таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 17-22 метрге жетеді.

Бүгін Батыс Қазақстан облысында түнде және таң ата тұман түседі. 17 қазанда түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі.

17 қазан күні Павлодар облысының солтүстігінде түнде тұман түсіп, күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысында батыстан жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Күндіз Түркістан облысында нөсер жауын жауады. Өңірдің солтүстігінде, таулы аудандарында нөсер жауын жауып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Петропавлда күндіз солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Жетісу облысының Алакөл көлі ауданында шығыстан жел соғып, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Астанада көшпелі бұлт шығып, түнде және күндіз аздаған жаңбыр жауады. Батыстан жел соғады, күші 9-14 м/с. Ауаның температурасы түнде 0-2, күндіз 6-8 градус жылы болады.