64 рет жол ережесін бұзған жүргізушінің көлігі айыптұраққа қойылды
Түркістан облысында 64 рет жол ережесін бұзған жүргізушінің көлігі автотұраққа қойылды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Рейд барысында тәртіп сақшылары Opel Vectra автоөклігін тоқтатты.
Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында оның жылдар бойы айыппұлын төлемей жүргені белгілі болды. Сайрам ауданының тұрғыны соңғы екі айдың өзінде 14 рет жылдамдықты шамадан тыс асырып, жол ережесін өрескел бұзған. Бұл бойынша 150 мың теңгеден астам айыппұл төлеу керек болған. Алайда жас жүргізуші мүлдем айыппұлын төлемеген, - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қоса, көлік жүргізушісінің 2021 жылдан бері 50 айыппұлы сот орындаушыларына өтіп кеткені белгілі болды. 64 рет жол ережесін бұзып, айыппұлдарын төлемеген жүргізушінің көлігі айыптұраққа қойылды