00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстандық әйелдерге жүктілікті өз бетінше жоспарлауға тыйым салына ма

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Қазақстандық әйелдерге жүктілікті өз бетінше жоспарлауға тыйым салына ма
ашық дереккөз

Әлеуметтік желілерде қазақстандық әйелдерге жүктілікті өз бетінше жоспарлауға және қалағанынша көп бала тууға тыйым салынуы мүмкін деген ақпарат тарады, деп хабарлады Elorda.info Stopfake.kz- ке сілтеме жасап.

Пайдаланушылардың айтуынша, ҚР Денсаулық сақтау жүйесі мен халық денсаулығы туралы кодекстің 79-бабына түзетулер енгізілмек. Егер олар қабылданса, адамдар қанша бала өсіретінін, оңтайлы босану аралығын, сонымен қатар жүктілік пен босануға қатысты басқа да шешімдерді өз бетінше қабылдай алмайды.

Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі теріске шығарды.

Қолданыстағы Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 79-бабының 1-тармағының 12 тармақшасы «Балалардың санына және олардың некеде немесе некесіз туу уақытына, туу арасындағы ана мен баланың денсаулығын сақтау үшін қажетті аралықтарға қатысты шешімді еркін қабылдауға» өзгерістер енгізу туралы ақпарат шындыққа жанаспайды және фейк болып табылады, – деп хабарлады ведомстводан.