00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

11 қазанда қай өңірде нөсер жаңбыр жауады

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
11 қазанда қай өңірде нөсер жаңбыр жауады
ашық дереккөз

Синоптиктер 11 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.

Елдің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр.

Тек еліміздің батыс облыстарының ауа райын Қара теңізден келетін циклон анықтайды. Соның әсерінен найзағай ойнайды, - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады. Шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман болады.

Түркістан облысының солтүстігінде түнде топырақ бетінде 2 градус аяз сақталады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын жаумайды. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 15-17 градус жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын жаумайды. Жел екпіні – 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 16-18 градус жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын жаумайды. Шығыстан соғатын жел екпіні – 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 22-24 градус жылы.