Forbes 2022 жылғы ең ықпалды қазақстандық бизнесмендерді анықтады
Forbes журналының қазақстандық нұсқасы 2022 жылғы ең ықпалды отандық бизнесмендер рейтингін жасады, деп хабарлады Elorda.info.
Пандемиядан кейінгі кезеңде елде көп нәрсе өзгерді, сондықтан биыл рейтинг авторлары әдіснаманы өзгертуді ұйғарған. Рейтинг тізіміне елдің 84 танымал және белсенді кәсіпкерлері кірген, олардың қоғамдық және демеушілік қызметі ескерілді. Осыдан кейін зерттеу тобы 2021 жылы капитал мен салықтар бойынша көбірек ұпай жинаған 55 қатысушыны таңдаған.
Рейтинг Forbes Kazakhstan бағалаушы журналистік жазбасы және оны құжат немесе ресми ақпарат ретінде пайдалануға болмайды, - деп жазды авторлар.
Қатысушылардың орташа жасы 52-ден 54 жасқа дейін өскені атап өтілді. Сонымен қатар биыл тізімде тек ер адамдар. Бір жыл бұрын рейтингте кәсіпкер Гаухар Қаппарова болған еді.
Биыл «АЛМЭКС» холдинг тобының иесі, 56 жастағы Тимур Құлыбаев ең ықпалды кәсіпкер болған. Одан кейін Kaspi.kz Директорлар кеңесінің төрағасы, 53 жастағы Вячеслав Ким тұр. Рейтингтің үшінші орнын ForteBank-тың негізгі иесі 64 жастағы Болат Өтемұратов иеленді.
Төртінші орында «Астана Груп» холдингінің негізін қалаушы және президенті – 57 жастағы Нұрлан Смағұлов тұр. Одан кейін Директорлар кеңесінің төрағасы және Eurasian Resources Group акционері 68 жастағы Александр Машкевич. Рейтингтің алтыншы орнын KAZ Minerals Ltd президенті – 61 жастағы Владимир Ким иеленді.
Жетінші орында Kaspi.kz басқарма төрағасы тұр, 46 жастағы Михаил Ломтадзе. Одан кейін рейтингтің ең жас екі мүшесінің бірі - Freedom Holding Corp негізін қалаушы орналасқан, 34 жастағы Тимур Турлов. Тоғызыншы орынды BI Group холдингі Директорлар кеңесінің төрағасы 50 жастағы Айдын Рахымбаев иеленген. Рейтингтің алғашқы ондығын «Fincraft Инвестиция үйінің» ірі акционері 43 жастағы Кеңес Рақышев аяқтайды.