00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақ тілінің аясын кеңейту үшін шетелдік мультфилімдерді аударамыз – ерікті

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақ тілінің аясын кеңейту үшін шетелдік мультфилімдерді аударамыз – ерікті
ашық дереккөз

Өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін волонтерлердің қатары жыл санап артып келеді. Олардың бірі «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінде ұйыдастырушы-педагог Еркін Құсан. Ол өзінің волонтерлік жолы қалай басталғаны туралы айтып берді, деп хабарлады Elorda.info.

Еріктілік қызметке 2014 жылы Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде соңғы курста оқып жүргенімде келдім. Қоғамдық негізде «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасымын. Қазіргі таңда осы ұйым тізгінін ұстап қоғамда, жастар арасында бір серіпіліс жасасам деген ниеттемін. Біздің ұйым саяси ұйымдар қатарында болғанымен, көп жағдайда волонтерлік жұмыстармен айналысамыз. Қазіргі таңда түрлі бағытта әртүрлі жобалармен айналысып жүрмін, бұл бос уақытымды тиімді  өткізуге жақсы көмектеседі, - дейді волонтер.

Ерікті сондай-ақ өзі қызмет ететін ұйымның атқаратын жұмыстарына да тоқталып өтті. Олардың қатарында эко-экскурсия да бар.

Осыған дейін шығармашыл жастарды дамыту бойынша Поэзия кеші, EKB acoustic жобаларын жүзеге асырып, әрі қарай мемлекеттен бөлінген қолдаудың арқасында бастамашыл топ болып, еріктілік жолымызды жалғастыру үшін «Азаматтық бастамаларды қолдау» қорының қолдауымен өткізіліп жатқан шағын гранттардың жеңімпазы атанып, сол жобаны жүзеге асырудамыз. Олар «Даналық» қоғамдық қорының қолдауымен тарихи-мәдени ескерткіштерді жастар арасында танымал ету мақсатында «Мәңгі есімізде» эко-экскурсиясы» жобасын жүзеге асырудамыз, сонымен бірге Алматы студенттер Альянсының әскери-патриоттық бастамаларды қолдау үшін шағын грант беру конкурсына қатысып,  жастардың әскери-патриоттық сезімін арттыру бойынша  «Temir Bala» әскери патриоттық керуен» жобасын, Қазақстан жастарының конгресінің ұсынған ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу бойынша «Ақсүйек» квест ойыны» жобасын, «Серғали-Түркістан» аймақтық қоғамдық бірлесіктің қолдауымен синтетикалық есірткінің таралуын алдын алу бойынша «JoqDe» әлеуметтік роликтер студиясы» жобасын жүзеге асырудамыз. Қазіргі таңда өзім сияқты еріктілермен, серіктестермен бірігіп жобалардың нәтижелі болуы үшін еңбек етудеміз. Жобаларымыздың ешқайсы қаржылық пайда табуды көздемейді. Себебі осы жобалар арқылы қоғамдық институттардың дамуына үлес қосуды көздейміз, - дейді Еркін Құсан.

Оның айтуынша, Екібастұз қаласындағы еріктілер шетелдің үздік мультфилімдерін қазақ тіліне аударып, дубляж жасауда.  

Бізде еріктілер іс-шараларды ұйымдастырумен айналысады. Біз бір топ еріктілермен Екібастұз қаласындағы барлық ерікті ұйымдармен жұмыс жасаймыз, жоба бойынша серіктес болып оны бірге іске асырамыз. Сонымен бірге интелектуалды, талантты еріктілердің арқасында қазіргі таңда мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында шетелдің үздік мультфилімдерін қазақ тіліне аударып, дубляж жасаудамыз. Жастар мұнымен хобби ретінде айналысып, жоғары қызығушылық танытады. Бұл әрине қуантады. Біздің ел мүдесі үшін қазақ қоғамына жасаған еңбегіміздің жемісі болған алғашқы туындымыз жарық көріп, көрерменге жол тартты. Сонымен бірге қазіргі таңда әрі қарай осындай туындылар жасау үшін дубляж саласында дайындық жұмыстарын жүргізудеміз.  Қазір республикамыздағы ең ауқымды қайрымдылық жобасы – «Жеңіс». Осы жобаны өз аймағымызда жүргізудеміз. Бұл жоба аясында ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру мақсатында жастарымыз Ұлы Отан соғысы, тылда еңбең еткен ардагерлерге ай сайын барып, қаржылай жағынан болсын, психологиялық тұғыда болсын қолдау көрсетеді. «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ қолдауымен Екібастұз қаласында «Жеңіс» қайрымдылық жобасы жүсеге асырылуда, - дейді ерікті.