«ҚазМұнайГазға» ақша салып, бір жарым миллион теңге табуға бола ма
31 наурыз, 2023
Айман Нығмет
ашық дереккөз
Әлеуметтік желілерде пайдаланушыларға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ға инвестиция салуға шақыратын жарнама көрсетіліп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Stopfake.kz мәліметінше, жарнамада 56 000 теңге сала отырып, бір аптада 126 100 теңге, ал бір айда бір миллион төрт жүз мың теңге табуға болатыны жазылған.
Бұл хабарландырудың «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ға ешқандай қатысы жоқ және оны алаяқтар таратуда. Компанияның ресми сайтында осындай алдау схемалары туралы ескерту жарияланған.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Қазақстан азаматтарының қаражатын ешқандай инвестициялық жобаларға тартпайтынын хабарлайды. Таралған жарнама жалған және алаяқтық сипатқа ие, – делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 17:53
Запасқа шығарылған ұландықтарға құрмет көрсетілді
Бүгін, 17:23
Қазақстан туризм саласындағы жетістіктері мен жоспарларын таныстырды
Бүгін, 15:32
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Бүгін, 13:58
Республикалық маңызы бар жолдарда жаңа индекстер бекітілді