17 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Ел аумағының басым бөлігі кең, суық антициклонның ықпалында болады, жауын–шашынсыз ауа райы сақталады, түнгі сағаттарда тұман және үсік күтіледі, деп хабарлады Elorda.info.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағаймен жаңбыр, еліміздің шығысында жауын-шашын жаңбыр және жылбысқы қар түрінде жауады. ҚР бойынша жел күшейеді.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік-шығысында, Абай облысының солтүстігінде, батысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында 3 градус үсік сақталады. Түнде Ұлытау облысының солтүстік-шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік сақталады.